Ресей Иранды Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы отырысқа қатысуға шақырды
(last modified Wed, 22 Aug 2018 11:36:10 GMT )
Там 22, 2018 17:36 Asia/Almaty
  • Ресей Иранды Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы отырысқа қатысуға шақырды

РФ СІМ сейсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде 11 елдің, соның ішінде ИИР-ның 2018 жылдың 4 қыркүйегінде Мәскеуде өтетін Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы отырысқа қатысуға шақырылғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы отырыс алғаш рет Мәскеуде 2017 жылдың 14 сәуірінде өтті. Бұл отырысқа Ауғанстанның жағдайын шешуге ынталы 11 елдің Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары мен арнайы өкілдері қатысты.

Сол елдердің қатарында Иран, Ресей, Ауғанстан, Қытай, Пәкістан, Үндістан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркіменстан бар.

Алдағы отырыс Мәскеуде Ауғанстанға қатысты өтетін екінші конференция саналады. Бірінші отырысқа керісінше бұл конференцияны Ресей мен Ауғанстан басқаратын болады. Бұл жолы да АҚШ-қа шақыру хаты жіберіледі. Сондай-ақ, Катардың астанасы Дохадағы Талибан тобының кеңсесіне де хат жіберіледі.

АҚШ 2017 жылы Ауғанстан отырысына шақырылғанымен оған қатысудан бас тартқан болатын.