Лавров Болтонның Иранның Сириядағы құзыры туралы сөздеріне жауап берді
(last modified Thu, 23 Aug 2018 12:04:40 GMT )
Там 23, 2018 18:04 Asia/Almaty
  • Лавров Болтонның Иранның Сириядағы құзыры  туралы сөздеріне жауап берді

РФ Сыртқы істер министрі тілшілерге берген сұхбатында АҚШ-тың Ресеймен Сирия бойынша әріптестігін Иран күштерін Сириядан шығарумен байланыстырған Болтонның сөздеріне тоқталып, барлық шетелдік күштердің, соның ішінде Сирияда заңсыз жүрген АҚШ күштерінің бұл елден шығарылуын талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сергей Лавров Сирияда заңды үкіметтің шақыруынсыз жүрген барлық шетелдік күштердің бұл елдің территориясынан кетуі қажеттігін айтты.

Осындай жағдайда Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков: «АҚШ Иран мен Түркия және Ресейдің Сириядағы сындарлы рөліне қарсы. АҚШ басшылары басқа елдердің Сирияда пайдалы шара атқарып жатқанына қапа болып отыр»,‑деді.

 

 

Тегтер