Нетаньяху Иранға бағытталған еуропалық рейстердің тоқтатылғанына масаттанды
https://itolqyn.com/news/world-i38754
Сионистік режимнің премьер-министрі бейсенбі күні кешке өзінің Иранға қарсы ұстанымдарының жалғасында Ұлыбританияның British Airways, Францияның Air France және Нидерландының KLM әуе компанияларының Иранға бағытталған рейстерінің тоқтатылғанын қолдады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 24, 2018 16:05 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Иранға бағытталған еуропалық рейстердің тоқтатылғанына масаттанды

Сионистік режимнің премьер-министрі бейсенбі күні кешке өзінің Иранға қарсы ұстанымдарының жалғасында Ұлыбританияның British Airways, Францияның Air France және Нидерландының KLM әуе компанияларының Иранға бағытталған рейстерінің тоқтатылғанын қолдады.

British Airways, Air France және KLM әуе компаниялары бейсенбі күні ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап өздерінің Иранға бағытталған рейстерін тоқтатынын хабарлады. Бұл әуе компаниялары Иран бағытындағы рейстердің экономикалық тұрғыдан тиімсіздігін аталмыш рейстерді тоқтатудың факторы деп атады.

Беньямин Нетаньяху бұл әуе компанияларының Иранға бағытталған рейстерін тоқтатуын қолдап, әлемнің басқа әуе компанияларына осы үш әуе компанияның жолын қууды сұрады.

Нетаньяху мен сионистік режимнің басқа басшылары осы уақытқа дейін Иран халқына қарсы ешбір дұшпандық әрекеттен тайынған емес.