Вашингтон палестиналықтарға арналған 200 миллион доллар көлеміндегі көмегін тоқтатты
АҚШ Мемлекеттік департаментінің бір қызметкері жұма күні кешке елінің Газа секторы мен Йордан өзенінің батыс жағалауына арналған құны 200 миллион долларды құрайтын көмектің берілмейтін болғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, атын атамауды сұраған АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі жауапты тұлға Reuters ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Вашингтонның бұл қаражатты басқа мақсатта жұмсауды көздеп отырғанын айтты.
АҚШ қаңтардың он алтысы күні Палестинаның мазлұм халқына қарсы дұшпандық әрекетінің жалғасында БҰҰ-ның палестиналық босқындарға жәрдемдесу және жұмыстарды ұйымдастыру (UNRWA) ұйымына уәде еткен 65 миллион долларлық көмегін төлеуді кейінге қалдырды.
Бұл шаралар АҚШ президенті Дональд Трамптың палестиналықтардың "Ғасыр мәмілесі" жобасына келісім беруі үшін оларға қысым көрсетуге бағытталған саясаттарының бір бөлігі саналады.