Ресей Батыстың Сирияға қарсы жаңа қастандықтарына қарсы тұруға дайын
(last modified Sat, 25 Aug 2018 13:11:29 GMT )
Там 25, 2018 19:11 Asia/Almaty
  • Ресей Батыстың Сирияға қарсы жаңа қастандықтарына қарсы тұруға дайын

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары елінің Батыстың Сирияға қарсы жаңа қастандықтарына қарсы тұруға әзір екенін қуаттады.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков: "Батыстықтар Сирияның жүйесін өзгерту үшін жаңа сылта іздеуде. Алайда Ресей жаңа қастандықтарға қарсы тұруға әзір",-деп хабарлады.

Рябков АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтонның Сирияға қарсы қоқан-лоққыға толы сөзін сынап: "АҚШ-та қоқан-лоққы тілінен басқа ешқандай тіл жоқ сияқты",-деді. Болтон бейсенбі күні Женевада өзінің ресейлік әріптесі Николай Патрушевпен кездесіп: "АҚШ Сирия Президенті Башар Асадтың Идлибті қайтарып алу үшін химиялық қаруды қолдануы ықтимал деген ақпаратқа ие",-деген уәж айтты. АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі осы сылтаумен Сирияға әскери шабуыл жасау туралы тағы қоқан-лоққы жасады.

Тегтер