Имран Хан Ираннан Пәкістанға газ тасымалдайтын құбыр салу жобасын орындау қажеттігін қуаттады
Пәкістан Премьер-министрі Ираннан Пәкістанға газ тасымалдайтын құбыр салу жобасын орындау қажеттігін қуаттады.
Имран Хан елінің ИИР-мен әсіресе табиғи газ импорттау саласында байланыстарды дамытуға әзірлігін айтып, Исламабад пен Теһранның ортақ жобаларының бірін Ираннан Пәкістанға газ тасымалдайтын құбыр салу жобасын орындау деп атады.
Пәкістан Премьер-министрі Иранмен екіжақты қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттап, Пәкістанның Иранның газына зәру екенін мәлімдеді.
"Бейбітшілік" деп аталатын Ираннан Пәкістанға газ тасымалдайтын құбыр салу жобасы 2014 жылдың наурыз айынан басталған. Алайда, кейбір елдердің араласуы салдарынан Пәкістанда оны орындау кейінге қалдырылды.
Иран Пәкістанға газ экспорттауға арналған құбыр салу келісіміндегі міндеттемелерін орындап, құбырды Пәкістанның шекарасына дейін жеткізді.