Ресейдің екі кемесі Жерорта теңізіне аттанды
https://itolqyn.com/news/world-i38780-Ресейдің_екі_кемесі_Жерорта_теңізіне_аттанды
Ресей Қорғаныс министрі: "АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның жалған сылтаулармен Сирияға шабуыл жасау ықтималы қарсаңында Ресей Жерорта теңізіндегі флотын нығайту мақсатында екі кемені Қырым түбегіндегі Севастополь айлағынан осы теңізге жіберді",-деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Там 26, 2018 16:57 Asia/Almaty
  • Ресейдің екі кемесі Жерорта теңізіне аттанды

Ресей Қорғаныс министрі: "АҚШ, Франция мен Ұлыбританияның жалған сылтаулармен Сирияға шабуыл жасау ықтималы қарсаңында Ресей Жерорта теңізіндегі флотын нығайту мақсатында екі кемені Қырым түбегіндегі Севастополь айлағынан осы теңізге жіберді",-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей басшылары сенбі күні АҚШ пен одақтастарын Сирияның Идлиб қаласында химиялық қару қолданылады деген айыппен бұл елге шабуыл жасаудан бас тартуға шақырды.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Болтон бейсенбі күні Женевада ресейлік әріптесі Николай Патрушевпен кездесіп: "АҚШ-та Сирия Президенті Башар Асад Идлибті қайтару үшін химиялық қаруды қолдануы ықтимал деген ақпарат бар",-деген уәж айтты.

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі осы сылтаумен Сирияға әскери шабуыл жасау туралы тағы қоқан-лоққы жасады.