Ресей: Лаңкестер алдағы екі күннің ішінде Сирияда химиялық шабуыл жасауға дайын
(last modified Mon, 27 Aug 2018 09:42:56 GMT )
Там 27, 2018 15:42 Asia/Almaty
  • Ресей: Лаңкестер алдағы екі күннің ішінде Сирияда химиялық шабуыл жасауға дайын

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы лаңкестердің алдағы екі күннің ішінде Сирияның Идлиб облысында химиялық шабуыл жасауға дайын отырғанын хабарлады.

Риа Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Игорь Конашенков ресейлік орталықтың ақпаратына сілтеме жасап, Сириядағы қақтығысып жатқан тараптардың ымыраға келуіне байланысты бір топ ағылшын тілді мамандардың лаңкестерге хлор газын пайдалануды үйрету үшін Идлибке аттанғаны туралы хабарлады.

Конашенков сөзінің жалғасында: "Химиялық шабуыл қойылымы орын алғаннан кейін Сирия әскері химиялық шабуыл жасады деп айыпталатын болады. Ал "Ақ қалпақтылар" тобының мүшелері химиялық шабуыл салдарынан жапа шеккен жергілікті тұрғындарға жәрдемдескендей болып, бұл сценарийдегі өз рөлін ойнайтын болады.

АҚШ-тың Сирия әскерінің базаларына қарсы әскери шабуыл жасау ықтималының артуымен Ресейдің Қара теңіздегі крейсерлік күзет қызметін атқаратын "Адмирал Григорович" және "Адмирал Эссен" теңіз кемелері Ресейдің аймақтағы позицияларын күшейту мақсатында Жерорта теңізіне жіберілді",- деді.

 

Тегтер