Рухани Макронмен "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы сөйлесті
ИИР Президенті Франция Президентімен телефон арқылы сұхбатында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты шығуына байланысты келісімге қатысқан елдердің "Ортақ қадам" келісімін сақтап қалу үшін өз бағдарламаларының жылдамдығы мен нақтылығын арттыруы керектігін баса айтты.
Хасан Рухани: «АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан біржақты шыққан соң келісімге қатысқан басқа елдердің иығына ауыр жүк артылды. Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалғысы келеді. Бірақ, егер қаржы арналары, мұнай, сақтандыру мен тасымалдау салаларында Еуропаның анық бағдарламалары болмаса, Теһран басқаша әрекетке көшеді",- деді.
Эмануэль Макрон де Париждің Теһранмен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделік танытатындығына тоқталып: "Франция "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін бар күшін салып, келісімдегі барлық міндеттемелерін орындайды",- деді.