Батыс үкіметтері Сирияға шабуыл жасау үшін сылтау іздеуде
(last modified Tue, 28 Aug 2018 11:14:07 GMT )
Там 28, 2018 17:14 Asia/Almaty
  • Батыс үкіметтері Сирияға шабуыл жасау үшін сылтау іздеуде

Сирия Армиясының Идлибті лаңкестерден азат етуге дайындығының артуымен Ресей Қорғаныс министрлігі Вашингтонның Таяу Шығыстағы әскери күштерін Сирияға шабуыл жасауға дайындап жатқанын дәлелдейтін белгілерді хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы генерал Игорь Конашенков тамыздың 25 күні ракета тасымалдайтын АҚШ-тың "Росс" эсминецінің Жерорта теңізіне енгенін хабарлады.

Идлиб – әртүрлі топтардың тәкфиршіл лаңкестері шоғырланған соңғы мекен. Сондықтан Идлиб облысының қалалары мен ауылдарын олардан азат ету Сирия үкіметі мен армиясы үшін ерекше маңызға ие. Сонымен қатар лаңкестік топтар мен оларды қолдайтын Еуропа, АҚШ пен аймақтағы кейбір үкіметтер үшін де маңызды. Сирия Армиясы мен халықтық күштерінің Идлибті азат етіп, саяси және әскери теңгерімді өзгертуі Сириядағы сегіз жылдық соғыстың аяқталуына септігін тигізеді. Осыдан сегіз жыл бұрын басталған соғыс Сирияны АҚШ пен Еуропа үкіметтерінің, сондай-ақ аймақтың кейбір үкіметтерінің қолдауына ие лаңкестердің орталығына айналдырды. АҚШ пен Еуропа, сондай-ақ аймақтың кейбір үкіметтері Сирия үкіметін құлатуды көздеп, бұл елдің халқы мен үкіметіне көптеген шығын келтірді.  Жүздеген мың адам қаза болды, миллиондаған адам босқынға айналып, елдің инфрақұрылымдарының көбі қирады. Бірақ, Сирия халқы мен Армиясының табандылығы мен қарсыласуы лаңкестер мен олардың қолдаушыларын сәтсіздікке ұшыратты.

Сирияны тәкфиршілерден азат етуге азғана уақыт қалды. Лаңкестік топтардың қолдаушылары  Сирия армиясы химиялық қару пайдалануда деген уәждерін қайталап, Сирияға әскери тұрғыдан араласпақ. Олар Сирия Армиясы мен халықтық күштерінің жеңісінің алдын алып, Сирияның келешегіне көбірек араласу үшін мүмкіндік іздеуде.

Франция Президенті Эмманюэль Макрон елінің елшілерінің алдына сөйлеген сөзінде Сирия дағдарысына қатысты ұстанымын өзгертіп: "Басынан бастап, біздің басты мәселеміздің ДАИШ және экстремистермен соғысу екендігін айттым. Бірақ, еш уақытта Францияның басты мәселесі Башар Асадты алып тастау деп айтқан жоқпын. Мен бұл елдің Конституциясына өзгеріс енгізу мен реформа жүргізуді сұрадым. Біз Сирия халқын қолдауға міндеттіміз",- деген болатын.  Макрон бұл сөздерін өткен бірнеше жылда Женевада өткен отырыстарда еуропалық және америкалық үкіметтердің шарттарының бірі Асадты биліктен құлату болып, бұл шарт бірнеше келіссөзді тығырыққа тіреген жағдайда айтты. Еуропалық үкіметтер олармен күресетіндей 7 жыл бұрын ДАИШ пен басқа тәкфиршіл топтар Сирияда болмаған. ДАИШ пен ан-Носрат сияқты лаңкестік топтар АҚШ, Британия, Франция және Сауд Арабиясы үкіметтерінің қолдауымен Сирияны соғыс алаңына айналдырды. Ақ үй мен Елисей сарайының басшылары 7 жыл бұрынғы уақыттай қазір де Сирия халқына «қамқорлық" білдіріп, химиялық қару пайдалану ықтималын сылтауратып, Сирия армиясы мен халықтық күштерінің  лаңкестікке қарсы күресіндегі жеңісін кешеуілдету үшін бұл елге әскери тұрғыдан араласуды көздеп отыр.

 

 

Тегтер