Сирияға қарсы шабуыл – әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы шабуыл
(last modified Wed, 29 Aug 2018 08:03:23 GMT )
Там 29, 2018 14:03 Asia/Almaty
  • Сирияға қарсы шабуыл – әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы шабуыл

БҰҰ-дағы Сирияның тұрақты өкілі Башар Джафари сейсенбі күні ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Идлибке қатысты лаңкестер мен олардың Батыс қолдаушыларының Сирияда "химиялық шабуыл" деген жаңа қастандық дайындап отырғандарына тоқталып: "Сирияға қарсы кез келген шабуыл – әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қарсы шабуыл",- деді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Башар Джафари: "Джебхат ан-Носрат лаңкестік тобының ланкестері Батыс үкіметтерімен бірігіп, соңғы күндері халыққа қарсы химиялық шабуыл кезінде пайдалану үшін Идлибке хлор газын жеткізді. Бұл шабуылды іске асырудың мақсаты Дамаскті химиялық қару пайдаланумен айыптап, батыстықтарға Сирияға шабуыл жасау үшін сылтау тауып беру болып табылады",- деді. 

 

 

Тегтер