АҚШ халқының шамамен жартысы негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайды
АҚШ-тағы зерттеу ұйымдарының бірі Дональд Трамптың АҚШ-та жұмыс орындары ашылып, ел экономикасы ілгерлеуде деген уәждеріне қайшы әрбір 10 америкалықтың төртеуінің негізгі қажеттіліктерінің қаржысын төлей алмайтынын мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, "Урбан" зерттеу ұйымы сейсенбі күні Америка қоғамының орта табының арасында да қиындықтардың бар екендігін жариялады. Мұндай нәтиже аталмыш ұйымның зерттеушілерін таңғалдырды. Өйткені, олар Америка қоғамының орта табы отбасыларының арасында өздерінің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтындар бар деп ойламаған.
БҰҰ-ның кедейлердің істер жөніндегі арнайы инспекторы Филип Алстон: "АҚШ Президентінің саясаттары мен әрекеттері бұл елдегі экономикалық теңсіздікке себеп болуда",- деп мәлімдеді.