Арабстан СІМ Мәскеуде Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсылығының жаршысына айналды
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі АҚШ Президентінің Иран мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қарсы уәждерін қайталап, бұл халықаралық келісімді осал деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Адел әл-Джубейр сәрсенбі күні Мәскеудегі ресейлік әріптесімен өткізген баспасөз отырысында: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында Иранның ядролық бағдарламасын іске асыруына тыйым салатын нақты әрекеттер қарастырылмады»,- деген уәж айтты.
Айғақ-деректер бойынша елінің Сириядағы лаңкестік топтардың ең үлкен қолдаушысы екені дәлелденген Адел әл-Джубейр: ««Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» келісімінде Иранның лаңкестікті қолдауы мен баллистикалық зымырандарды жобалауына шектеу салатын баптар қарастырылмаған»,- деген уәж айтты.
Сауд Арабиясы – сионистік режиммен бірге Трамптың АҚШ-ты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығу шешімін қолдаған әлемдегі шектеулі мемлекеттердің бірі.