Зариф: Иран Пәкістанмен өте жақсы қарым-қатынасқа ие болуды қалайды
https://itolqyn.com/news/world-i38840
ИИР Сыртқы істер министрі Пәкістан Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесуінде Иранның Пәкістанмен мықты қарым-қатынасқа ие болуды қалайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 31, 2018 16:41 Asia/Almaty

ИИР Сыртқы істер министрі Пәкістан Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесуінде Иранның Пәкістанмен мықты қарым-қатынасқа ие болуды қалайтынын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке Асад Қейсармен кездесуінде Пәкістанның лаңкестікпен күрес саласындағы шараларын мадақтап: "Иран аймақтағы бейбітшілікті нығайтуда Пәкістанды серіктесі санайды",-деді.

Пәкістан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Асад Қейсар да кездесуде: "Пәкістан ислам үмбетінің бірлігін нығайту қажет деп санайды.  Осы салада ИИР-ның рөлін маңызды деп біледі",-деді.