Зарифтің Исламабад сапарының жарқын көкжиектері
(last modified Fri, 31 Aug 2018 13:39:39 GMT )
Там 31, 2018 19:39 Asia/Almaty
  • Зарифтің Исламабад сапарының жарқын көкжиектері

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф екікүндік сапармен Пәкістанға аттанды. Зариф – Пәкістанда Имран Ханның премьер-министрлігімен жаңа үкімет билік басына келгеннен бері оның әртүрлі жауапты тұлғаларымен кеңесу үшін барған алғашқы шетелдік дипломат.

Зариф бейсенбі күні Пәкістанның астанасы Исламабадқа барып, тілшілерге берген сұхбатында ИИР-ның Пәкістанмен жақсы тарихи қарым-қатынасқа ие екенін айтты. Зариф Пәкістан Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Асад Қейсармен кездесуінде Иранның Пәкістанмен өте жақсы әрі мықты қарым-қатынасқа ие болуын қалайтынын,  Премьер-министр Имран Хан бастаған Пәкістанның жаңа үкіметінде екі елдің достық қарым-қатынасының одан ары дами түсетіндігіне үміт білдірді.

Иран мен Пәкістанның қарым-қатынасы діни ортақтастық, шекарадағы қауіпсіздік мәселелері мен лаңкестікпен күрес тақырыбына байланысты ұдайы екі елдің жоғары басшыларының назарына алынған.

Көршілес елдермен байланысты кеңейту – Иран сыртқы саясатының басты басымдығы. Осы аяда Теһран Исламабадқа ерекше қарайды. Қазір Пәкістанда жаңа үкімет құрылды. Бұл үкімет Иран сияқты екі елдің қарым-қатынасына қатты көңіл бөледі. Бұл жайт Иран-Пәкістан байланысында жаңа тарауды бастау үшін қажет ортақ стратегиялық нүкте саналады. Осы мәселе Имран Хан мен ИИР Президенті Хасан Руханидің жуырдағы телефон сұхбатында толығымен айқын көрінді. Имран Хан осы сұхбатта: "Екі елдің қарым-қатынасының одан ары дами түсетіндігіне сендіремін. Пәкістан Иранмен байланысты нығайтуды маңызды санайды",-деді.

Иран мен Пәкістан қауіпсіздік және лаңкестікпен күрес саласында әріптестік жасаумен қоса, экономика саласында да өз қажеттіліктерін өтей алады. Иран қуат көздері, техникалық-инженерлік қызмет салаларында жақсы әлеуеттерге ие. Сонымен қатар Пәкістанның қуат саласындағы, әсіресе электр қуатына қатысты қажеттіліктерін өтей алады. Ираннан Пәкістанға газ тасымалдайтын құбыр желісін салу мәселесі Имран Хан Премьер-министр болғаннан кейін тағы да шынайы талқылана бастады. Бұл мәселе екі ел арасында бірнеше жыл бұрын сөз болғанымен, кейбір саяси жайттарға байланысты іс жүзінде ілгерілемеді.

Иран мен Пәкістан қарым-қатынасындағы жаңа тарау Пәкістанның жаңа басшылары АҚШ-қа қатысты саясатын қайта қарастырып жатқандықтан жарқын болашаққа ие. Бұл жағдай Иран мен Пәкістанның ұлттық мүдделерін қамтамасыз етеді. Имран Ханның премьер-министрлігі кезінде  Пәкістанның тәуелсіз саясаты Теһран мен Исламабадтың әріптестігін жеңілдетеді. Соның нәтижесінде Иран мен Пәкістан  екіжақты және  аймақтық қарым-қатынасқа қатысты мәселелерді ортақ әрі жақын көзқарастармен ілгерілетеді. Екіжақты саладағы экономикалық әріптестікте, соның ішінде Ираннан Пәкістанға газ тасымалдайтын құбыр желісін салуда шамамен бірдей ұстаным қалыптасады. Осы маңызды стратегиялық жобаның сәттілігі көршілес екі елдің мүдделеріне сай келеді. Мұнымен қоса, лаңкестікпен күрес аймақтағы басты түйткіл ретінде ортақ шекарада қауіпсіздік орнату мәселесімен тығыз байланысты. Пәкістанның жаңа үкіметі АҚШ-тың лаңкестікпен күрес туралы сипаттамасына қарсы. Сондықтан осы салада тәуелсіз ұстаным қабылдайтын сыңайлы. Бұл жағдай Иран мен Пәкістан қарым-қатынасының жаңа тарауына әсер етеді.