Еуропа "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өзінің саяси міндеттемелерін орындауы керек
https://itolqyn.com/news/world-i38858-Еуропа_Ортақ_қадам_жан_жақты_бағдарламасындағы_өзінің_саяси_міндеттемелерін_орындауы_керек
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау үшін көптеген тәсілдерді ұсынғанына тоқталып: "Еуропалықтар осы бағдарламаны сақтап қалу үшін саяси міндеттемелермен қоса, тиісті практикалық шаралар да атқаруы тиіс",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 02, 2018 13:59 Asia/Almaty
  • Еуропа

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф еуропалықтардың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын сақтау үшін көптеген тәсілдерді ұсынғанына тоқталып: "Еуропалықтар осы бағдарламаны сақтап қалу үшін саяси міндеттемелермен қоса, тиісті практикалық шаралар да атқаруы тиіс",-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф америкалықтардың өздері ғана заңды бұзып қоймай, әлем халықтарына да қысым жасап, оларды заң бұзуға итермелейтінін айтып: "Әлем АҚШ-тың бұл әрекетіне қарсы тұруы тиіс. Болмаса, бұдан да көбірек шығын төлеуі керек болады",-деді.

Зариф, сондай-ақ, Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері жөніндегі  орынбасары Алистер Берттің Иранға сапарына тоқталып, сапарда талқыланатын ең маңызды тақырыптардың қатарында Иран мұнайын сату және банктерге қолжетімділік деп атады.