Альберт Гор: Трамп отставкаға кетуі керек
https://itolqyn.com/news/world-i38866
АҚШ-тың бұрынғы Вице-президенті елінің қазіргі президентінің отставкаға кетуін талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 02, 2018 20:21 Asia/Almaty
  • Альберт Гор: Трамп отставкаға кетуі керек

АҚШ-тың бұрынғы Вице-президенті елінің қазіргі президентінің отставкаға кетуін талап етті.

Daily Mail газетінің мәліметі бойынша  Билл Клинтонның президенттігі кезіндегі Американың Вице-президенті Алберт Гор: "Дональд Трамп климат өзгерістері мен ауаның тазалығына мән бермейді. Жаһандық жылынудың артуы мен әсіресе АҚШ-та өрттің көбеюі Трамптың Париж климаттық  келісіміне қарсы болу саясатының бұрыстығын көрсетті",- деді.

Дональд Трамп 2017-ші жылдың тамыз айының 4 күні климатқа қатысты Париж келісімінен шыққан болатын. Трамптың бұл шешімі әлемнің жер-жерінде теріс реакцияларға тап болды.

Әлемнің 190 мемлекеті ауаны ластайтын себептерді азайтуды мақсат ететін Париж келісімнің мүшелері болып табылады.