Мәскеуде Иранның қолөнер көрмесі ашылды
https://itolqyn.com/news/world-i38891-Мәскеуде_Иранның_қолөнер_көрмесі_ашылды
Мәскеуде Иранның мәдени аптасы аясында "Құпия-сырға толы Иран: қиял-ғажайып әлеміне саяхат" деп аталған Иранның қолөнер өнімдерінің көрмесі ашылды.
(last modified 2026-03-19T23:12:26+00:00 )
Қыр 04, 2018 15:07 Asia/Almaty
  • Мәскеуде Иранның қолөнер көрмесі ашылды

Мәскеуде Иранның мәдени аптасы аясында "Құпия-сырға толы Иран: қиял-ғажайып әлеміне саяхат" деп аталған Иранның қолөнер өнімдерінің көрмесі ашылды.

Мәскеуде қыркүйектің үші күні Ресей халқын ирандық мәдениетпен көбірек таныстыру үшін Иранның мәдени апталығы басталды.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша,  Ресейдегі Иранның елшісі Меһди Санаи Мәскеуде Иранның қолөнер көрмесінің ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде екі елдің мәдени саладағы ынтымақтастықтары саяси-қауіпсіздік ынтымақтастықтары сынды кеңеюі керектігін қуаттады. Иранның Мәдениет және исламдық қарым-қатынастар ұйымының басшысы Абозар Ибрахими Торкман де бұл рәсімде сөз сөйлеп: "Ресейде өтетін Иранның мәдени аптасында ресейлік өнертанушылар Батыстың Ираннан үркіту саясатының құнсыз екенін жақсы байқайды",- деді.