Ұлыбритания Премьер-министрі Ресей жайлы уәж айтты
Қыр 06, 2018 14:22 Asia/Almaty
Ұлыбритания Премьер-министрі: "Ресейдің әскери барлау ұйымы Ұлыбританияның оңтүстігіндегі "Новичок" атты жүйкеге қарсы улы газбен шабуылды ұйымдастырған",-деді.
France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Тереза Мэй сәрсенбі күні Ресейді Ұлыбританияның оңтүстігіндегі Солсбери қаласында "Новичок" жүйкеге қарсы улы газбен шабуылды ұйымдастырды деп тағы айыптап, соған қатысты адамдарды Ұлыбритания үкіметіне тапсыруды сұрады.
Тереза Мэй: "Ресейдің екі азаматы Александр Петров пен Руслан Боширов осы шабуылдан кейін Ресейге қайтып оралды. Ұлыбритания солардың қайтарылуын қалайды. Бұл екі адам Ресейден шыққан жағдайда Лондон оларды қамауға алу үшін бар күшін салады",-деді.
Тегтер