Парагвайда Палестина елшілігі ашылады
https://itolqyn.com/news/world-i38917-Парагвайда_Палестина_елшілігі_ашылады
Палестина Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Палестина автономды құрылымының басшысы Махмуд Аббастың бұйрығымен Палестина елшілігі жуық арада Парагвайдың астанасы Асунсьон қаласында ашылатынын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 06, 2018 14:37 Asia/Almaty
  • Парагвайда Палестина елшілігі ашылады

Палестина Сыртқы істер министрі сәрсенбі күні кешке Палестина автономды құрылымының басшысы Махмуд Аббастың бұйрығымен Палестина елшілігі жуық арада Парагвайдың астанасы Асунсьон қаласында ашылатынын хабарлады.

Палестинаның "Маа" ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, Рияд Малеки, сондай-ақ,  Парагвай үкіметінің өз елшілігін басып алынған Құдстан Тель-Авивке көшіруге шешім қабылдағанына алғыс білдірді.

Осындай жағдайда Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху осы елдің Парагвайдағы елшілігінің жұмысын тоқтатуға бұйрық берді.

Нетаньяху кеңсесі өз мәлімдемесінде: "Парагвайдың шешімі әдеттен тыс болды. Бұл екі елдің қатынасында текетірес тудырады",-деген уәж айтты.

Парагвайдың Сыртқы істер министрі Луис Альберто Кастильони сәрсенбі күні: "Парагвай өз елшілігін Құдстан Тель-Авивке қайтарады",-деді.