Адам құқықтары жөніндегі 16 ұйым Макронға хат жолдады
Қыр 07, 2018 15:21 Asia/Almaty
Адам құқықтары жөніндегі 16 ұйым бейсенбі күні Франция президенті Эмманюэль Макронға жолдаған хатта одан Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды доғаруды сұрады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адам құқықтары жөніндегі 16 ұйым Макроннан саудиялық режимнің Йемендегі қылмыстарын ашық әрі түбегейлі түрде айыптауды сұраған.
Адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдар мен мекемелер мұның алдында да Франция және Сауд әулеті режиміне қолдау көрсетіп отырған басқа да мемлекеттерден Риядқа қару-жарақ экспорттауын доғаруды бірнеше рет сұраған болатын.
Тегтер