Лариджани: Иран мен Ресей аймақтағы лаңкестікпен күреске көп үлес қосты
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Ресейдің аймақтағы лаңкестікпен күресте көп үлес қосқанын айтты.
Khaneh Mellat ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Әли Лариджани бейсенбі күні Ресейдің Волгоград қаласында Ресей Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен кездесуінде: "Сириядағы лаңкестердің демдері таусылуда. Сол себепті америкалықтар Иран мен Ресейге қысым көрсетіп, оларға қарсы санкция жариялап отыр. Бұл олардың басқа жерде қиындыққа ұшырағанын көрсетеді",- деді.
Володин Ресей мен Иранның парламенттік ынтымақтастықтарын кеңейту қажеттігін баса айтып: "Иран мен Ресей қарым-қатынастары артып келеді. Ең бастысы, парламенттік және заң қабылдау деңңгейіндегі шешімдер жүзеге асырыуы керек",- деді.