Помпео АҚШ-тың саудиялық коалицияға Йеменмен соғысу үшін қару-жарақ жіберетінін мойындады
(last modified Thu, 13 Sep 2018 10:02:55 GMT )
Қыр 13, 2018 16:02 Asia/Almaty
  • Помпео АҚШ-тың саудиялық коалицияға Йеменмен соғысу үшін қару-жарақ жіберетінін мойындады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Сауд Арабиясы мен БАӘ-не қару-жарақ пен оқ-дәрі сатуды жалғастыру мақсатында Конгресс өкілдерін көндіріп, олардың ризалығын алу үшін бұл екі елдің Йемен соғысында әскери емес адамдардың шығынын азайтуға уәде бергенін айтты.

Al-Jazeera телеарнасының сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Майк Помпео Йемен соғысын АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігінің басым бағыттарының бірі деп атап: "Сауд Арабиясы мен БАӘ армиялары АҚШ-тың қарулары, қырғи ұшақтары мен қосалқы әскери дайындауын қажет етеді. Мұның бәрі оларға ұсынылып отыр",-деді.  

Майк Помпеоның растауы Вашингтонның Сауд Арабиясы мен БАӘ-на соғыс құрал-жабдықтары мен қару-жарақтарды сатуды жалғастыруы үшін қажет болды.

Йеменнің Ансаролла қозғалысының ақпарат өкілі Мұхаммад Абдуссалам сәрсенбі күні кешке Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында: "Майк Помпеоның АҚШ Конгресінде Йемен жайлы айтқан сөздері – басқыншы елдердің жабайылығын қорғау",-деп жазды.

 

Тегтер