Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкцияларын ұзартты
Еуропа Одағы ресейлік шенеуніктер мен азаматтарға қарсы жариялаған санкцияларының күшін тағы алты айға ұзартты.
РИА Новости ақпарат агенттігі бейсенбі күні: "Еуропа одағы Ресейге қарсы санкцияларын 2019 жылдың наурыз айының 15 дейін ұзартты. Бұл санкциялар мал-мүлік пен банктағы есеп-шоттарды бұғаттау және Еуропа елдеріне сапар шегуге тыйым салу шараларын қамтиды",- деп мәлімдеді.
Еуропа одағының Ресей мен ресейлік азаматтарға қарсы санкциялары бұл елдің Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін әлсірету мақсатында әрекет жасады деген айыппен 2014 жылдан бастап күшіне енген болатын.
Вашингтон да ұқсас айып тағып, Ресейге қарсы санкция салды. Ресей осы айыптардың барлығын теріске шығарып, АҚШ пен Еуропа одағына қарсы қарымта экономикалық шектеулер бекітті.