АҚШ-тың 85 өнеркәсіптік холдингі Трампқа қарсы коалиция құрды
https://itolqyn.com/news/world-i39014
85 америкалық өнеркәсіптік холдинг АҚШ президентінің сауда-саттыққа қарсы саясаттарына қарсы коалиция құрды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 13, 2018 21:42 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың 85 өнеркәсіптік холдингі Трампқа қарсы коалиция құрды

85 америкалық өнеркәсіптік холдинг АҚШ президентінің сауда-саттыққа қарсы саясаттарына қарсы коалиция құрды.

Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 85 америкалық өнеркәсіптік холдинг бірнеше ай бойы АҚШ президенті Дональд Трампты Вашингтонның сауда серіктестеріне қарсы кедендік тарифтерді бекіту туралы шешімін өзгертуге бағытталған талпыныстарынан кейін оған қарсы коалиция құрды.

"Еркін сауданы қолдайтын америкалықтар" деп аталатын бұл коалиция Трамптың миллиардтаған доллар көлеміндегі импорттық тауарларға кедендік тариф бекітуді күшейткен соң құрылды. Трамптың Еуропа одағы, ҚХР, Канада мен Мексикадан импортталатын тауарларға тариф бекіту туралы саясаты АҚШ-тың іші мен әлемде жаппай теріс реакция тудырды.