Қытайда Иранның қатысуымен "Бір белбеу – бір жол" атты қауіпсіздік жөніндегі форум өтті
https://itolqyn.com/news/world-i39015-Қытайда_Иранның_қатысуымен_Бір_белбеу_бір_жол_атты_қауіпсіздік_жөніндегі_форум_өтті
"Бір белбеу – бір жол" жобасына мүше елдердің қаупісіздік жөніндегі төртінші отырысы сәрсенбі және бейсенбі күндері ИИР-ның қатысуымен ҚХР-ның Льянюнганг қаласында өткізілді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 13, 2018 21:49 Asia/Almaty
  • Қытайда Иранның қатысуымен

"Бір белбеу – бір жол" жобасына мүше елдердің қаупісіздік жөніндегі төртінші отырысы сәрсенбі және бейсенбі күндері ИИР-ның қатысуымен ҚХР-ның Льянюнганг қаласында өткізілді.

35 мемлекет пен БҰҰ-ның өкілдері қатысқан отырыста Иран Тәртіп сақтау күштерінің атынан қатысқан ИИР полициясы өкілі Юсуф Мусапур қауіпсіздікті мемлекеттер арасындағы басқа байланыстардың дамуының негізі деп баса айтты.

Мусапур сөзінің жалғасында "Бір белбеу – бір жол" жобасына қатысатын елдердің тығыз ынтымақтастық жасауы үшін тұрақты бір хатшылықтың ашылатынын, қауіпсіздік саласында ақпарат алмасу жүйесінің құрылуы мен қауіпсіздік саласындағы тәжірибемен алмасуды елдер арасындағы қарым-қатынастарын кеңейтудің бір жолы деп баса айтты.