ЮНИСЕФ: Йемен балалардың тозағына айналды
https://itolqyn.com/news/world-i39023
БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Йеменнің балалардың тозағына айналғанын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 14, 2018 21:12 Asia/Almaty
  • ЮНИСЕФ: Йемен балалардың тозағына айналды

БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Йеменнің балалардың тозағына айналғанын айтты.

Al-Jazeera телеарнасының хабарлауы бойынша, БҰҰ-ның Балалар қоры өз есебінде: "11 млн-нан астам йемендік бала азық-түлік тапшылығы, ауру-сырқау мен босқындыққа ұшырап отыр",-деп хабарлады.

Ұлыбританияның "Балаларды құтқарыңдар" атты мемлекеттік емес ұйымы 4 млн-нан астам йемендік баланың аштық пен өлім қатеріне ұшырап отырғанына алаңдаушылық білдіріп: "Әл-Ходайда айлағындағы әскери амалдар миллиондаған йемендік балаға азық-түлік жеткізуге кедергі келтіріп жатыр",-деп ескертті.