Мәскеудегі Иран елшісі Ресей мен Қытай армияларының әскери маневрін бағалады
Мәскеудегі Иран елшісі Twitter-дегі жеке парақшасында: "Ресей мен Қытай армияларының ортақ маневрін өткізу бір жағынан, Еуропаның АҚШ-қа бағыныштылықты азайтуға шара қолдануы екінші жағынан әлемдік сахнада бірнеше полюстік жүйенің қалыптасқанын көрсетеді",-деп жазды.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мехди Санаи: "Мұндай жағдайда сыртқы саясаттағы тепе-теңдікті сақтау, ұзақ мерзімді бағдарламада аймақ мәселелеріне зейін шоғырландыру және Шығысқа көңіл аудару саясаты басымдыққа ие",-деді.
"Восток-2018" әскери жаттығуы Ресей, Қытай және Моңғолияның қатысуымен 11 қыркүйекте Ресейдің Қытай мен Моңғолияның шекарасына жақын жердегі Цугол полигонында басталып, 17 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл әскери жаттығуға 300 мың әскери адам, мыңнан астам ұшақ, тікұшақ пен ұшқышсыз ұшақ және 36 мың танк пен сауытты көлік және 80-ге жуық кеме мен сүңгуір қайық қатысады.