Ресей: Лаңкестер химиялық газ құйылған цистерналарды Идлибке жеткізді
(last modified Mon, 17 Sep 2018 02:29:01 GMT )
Қыр 17, 2018 08:29 Asia/Almaty
  • Ресей: Лаңкестер химиялық газ құйылған цистерналарды Идлибке жеткізді

Ресейдің Сириядағы бітім орталығының ақпарат өкілі: "Лаңкестер бейбіт адамдарға қарсы химиялық заттар қолдануға қатысты арандатушы әрекеттерге дайындалу мақсатында хлор газы құйылған цистерналарды Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб облысының тұрғын ауданына жеткізді",-деп хабарлады.

Russia Today телеарнасының хабарлауы бойынша, Ресейдің Сириядағы бітім орталығының ақпарат өкілі Владимир Савченко жексенбі күні мәлімдеме жасап: "Джебхат ән-Нусра лаңкестік тобы Дамаск үкіметін химиялық қару қолданды деп айыптау мақсатында бейбіт адамдарға улы заттармен шабуыл жасауға дайындалды",-деді.

Савченко бұдан бұрын Идлиб облысындағы куәгерлерге сілтеме жасап, Таяу Шығыстағы бірнеше телеарна мен бір америкалық ақпарат арнасы өкілдерінің Идлибтегі Джаср әш-Шуур қаласына химиялық қару пайдаланылғаны туралы Дамаскқа қарсы арандатушы әрекетке қажет суреттер түсіруге жіберілгенін хабарлаған болатын.       

 

     

Тегтер