Трамп Қытайдан 200 миллиард долларға импортталатын тауарға баж салығын салуды бұйырды
https://itolqyn.com/news/world-i39070
Ақ үй өз мәлімдемесінде Дональд Трамптың дүйсенбі күні 200 миллиард долларға Қытайдан импортталатын тауарға 10 пайыздық баж салығын салуды бұйырғанын, бұл шешімнің қыркүйектің 24-нен іске асырылатынын жариялады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 18, 2018 15:18 Asia/Almaty
  • Трамп Қытайдан 200 миллиард долларға импортталатын тауарға баж салығын салуды бұйырды

Ақ үй өз мәлімдемесінде Дональд Трамптың дүйсенбі күні 200 миллиард долларға Қытайдан импортталатын тауарға 10 пайыздық баж салығын салуды бұйырғанын, бұл шешімнің қыркүйектің 24-нен іске асырылатынын жариялады.

"Рейтерс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, мәлімдемеге сәйкес, егер Қытай америкалық ауылшаруашылық және өнеркәсіп тауарларына қатысты осындай шешім қабылдаса, Қытайдан импортталатын басқа 267 миллиард долларлық тауарларға да баж салығы салынады.

Трамп Қытайдың АҚШ-пен дұрыс қатынас жасауы үшін мұрсаты бар екендігі туралы уәж айтты. Бірақ, Қытай осы уақытқа дейін ұстанымын өзгертуді қалайтынын білдірген жоқ. Бейжің Вашингтонның шешіміне қарымта әрекет ететінін жариялады.