Латакияға қарсы зымырандық шабуыл кезінде Ресейдің әскери ұшағы жоғалып кетті
https://itolqyn.com/news/world-i39071-Латакияға_қарсы_зымырандық_шабуыл_кезінде_Ресейдің_әскери_ұшағы_жоғалып_кетті
Ресей Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні таңертең 14 жолаушысы бар Ресейдің Ил-20 әскери ұшағының Сирияның солтүстік-батысындағы Латакия облысындағы Хмеймим әуе базасына жақын жерде радардарлардың бақылауынан жоғалып кеткенін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 18, 2018 15:25 Asia/Almaty
  • Латакияға қарсы зымырандық шабуыл кезінде Ресейдің әскери ұшағы жоғалып кетті

Ресей Қорғаныс министрлігі сейсенбі күні таңертең 14 жолаушысы бар Ресейдің Ил-20 әскери ұшағының Сирияның солтүстік-батысындағы Латакия облысындағы Хмеймим әуе базасына жақын жерде радардарлардың бақылауынан жоғалып кеткенін хабарлады.

"Меһр" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігі ұшақтың Израильдің төрт Ғ-16 әскери ұшағы Латакиияға жасаған шабуылымен тұспа-тұс радарлардың бақылауынан жоғалып кеткенін хабарлаған.

Жоғалған ұшақты тауып, жолаушыларын құтқару жұмыстары басталды.

Сионистік режимнің әскери ұшақтары дүйсенбі күні түнде Латакиядағы өнеркәсіптік зерттеу және технология орталықтарының бірін нысанаға алды. Сирия армиясының мәліметі бойынша, бұл шабуыл орталыққа шығын келтіріп, екі адамның өліміне себеп болған.