Иран Идлиб мәселесін шешетін дипломатияны қолдайды
(last modified Wed, 19 Sep 2018 13:38:22 GMT )
Қыр 19, 2018 19:38 Asia/Almaty
  • Иран Идлиб мәселесін шешетін дипломатияны қолдайды

Иран, Ресей және Түркия президенттерінің Теһрандағы отырысынан кейінгі Мәскеу мен Анкара арасындағы Сирияның Идлиб қаласы туралы Сочи келісімі Иранның қолдауына ие болып, дипломатиялық жолдың жалғасуы мен әсерін көрсетті.

Сирияны лаңкестерден толық азат ету – Дамаск үкіметінің негізгі мақсаты. Бұл мәселеден әртүрлі тәсілдер, әсіресе дипломатияның рөлі анық көрінеді. Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб халқы біртұтас емес. Олардың ішінде лаңкестер мен қарулы наразы топтар да бар. Әскери емес қарапайым халықтың өмірін қорғау Сириядағы лаңкестердің соңғы орталығын азат ету әрекетінің ең басты мәселесі саналады. Бұл  тақырып – екі апта бұрын Иран, Ресей мен Түркия Президенттерінің Теһрандағы кездесуінде талқыланған әрі қуатталған маңызды мәселе.

Ресей Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған дүйсенбі күні Сочи келіссөздерінде бейбіт халықтың өмірін сақтап қалу үшін Идлибтегі әскери әрекеттерді тоқтатып, халыққа зардап келтірмеу үшін бұл облыста әскери емес аймақ құрып, Сирияның соңғы аймағын лаңкестерден азат етуге келісті. Сочи келісімі Иран өкілінің қатысуынсыз жасалып, Теһранның қолдауына ие болып, Астана мен Теһран отырыстарының жалғасы деп жарияланды. Идлибтегі экстремизмді тоқтату мен лаңкестерден азат ету – Сирияның заңды үкіметінің елінің территориялық тұтастығын сақтап қалу бағытындағы талабы. Бұл мәселені халыққа зардап келтірмей шешу Астана үдерісіне кепіл үш ел мен әсерлі дипломатияның жалғасуының арқасында ғана жүзеге асады. Осы салада Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні Сочи келісіміне реакция білдіріп, бұл келісімді Анкара, Дамаск және Теһран отырыстарындағы кеңесулерінің жалғасуының нәтижесі деп атап: "Белсенді дипломатия Идлибтегі соғыстың алдын алумен аяқталуда",- деді. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми Түркия мен Ресейдің Сочи келісімін қолдап: "Ресей және Түркия басшыларының отырысы мен Идлиб мәселесін шешу жолдары туралы келісімді жариялау - Сириядағы қалған лаңкестердің көзін жою жолындағы негізгі қадам",- деді.

Бұл ұстаным ИИР-ның Идлибті лаңкестерден азат ету ағымында қарапайым халықтың өмірін қорғау мәселесіне табанды екенін көрсетеді. Осы ұстанымына орай Иран Сочи келісімін қолдады. Иран, Түркия және Ресей ынтымақтастығы Астана үдерісі негіздері бойынша қалыпастып, Сириядағы лаңкестерге қарсы күрес Идлибпен аяқталады. Сирияны лаңкестерден азат ету мәселесі үш елдің кеңестерінің арқасында шешімін табуда. 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 

Тегтер