Ресей қайраткері Мәскеудің сионистік режимге іс жүзінде жауап қайтаруы қажеттігін қуаттады
(last modified Thu, 20 Sep 2018 12:29:04 GMT )
Қыр 20, 2018 18:29 Asia/Almaty
  • Ресей қайраткері Мәскеудің сионистік режимге іс жүзінде жауап қайтаруы қажеттігін қуаттады

Ресейдің Геосаяси мәселелер академиясының президенті Леонид Ивашов сионистік режимнің Сирияға жасаған шабуылы кезінде ресейлік ұшақтың құлатылуына қатысты реакциясында: "Ресей Әскері Сирияның әуе кеңістігіндегі израильдік ұшақтарды жоюы тиіс.

Әрине, мақсат – Израильдің әуежайларына тікелей шабуыл жасау емес. Алайда, Сирия Әскері Сирияның әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігін мойнына алып, кез келген үшінші мемлекет ұшақтарының заңсыз түрде Сирияның әуе кеңістігін бұзуымен күресіп, тіпті оларды құлатып отыруы керек",- деп қуаттады.

Сейсенбі күнгі сионистік режим қырғи ұшақтарының Сирияның Латакия облысына жасаған шабуылы барысында 15 экипаж мүшесі болған ресейлік әскери ұшақ нысанаға алынып, құлатылды.

Ресей Қорғаныс министрлігі ұшақтардың ұшу траекториясын көрсету арқылы Израиль ұшақтарының ресейлік ұшақты қалқан ретінде пайдаланғанын мәлімдеді.

 

 

Тегтер