Ресей Израильге қатаң ескерту жасады
https://itolqyn.com/news/world-i39093-Ресей_Израильге_қатаң_ескерту_жасады
Ресей 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Сирияда ел үкіметінің өтінішімен лаңкестік топтармен күресу үшін әскерилерін ауқымды түрде орналастырды. Латакия облысындағы Хмеймим әуе базасы – ресейлік ұшақтардың Сириядағы әскери амалдарын жүзеге асыру мақсатында орналасқан мекен.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 20, 2018 23:04 Asia/Almaty
  • Ресей Израильге қатаң ескерту жасады

Ресей 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Сирияда ел үкіметінің өтінішімен лаңкестік топтармен күресу үшін әскерилерін ауқымды түрде орналастырды. Латакия облысындағы Хмеймим әуе базасы – ресейлік ұшақтардың Сириядағы әскери амалдарын жүзеге асыру мақсатында орналасқан мекен.

Сондай-ақ, Израиль психологиялық соғыс және саяси кеңесулер арқылы Ресейдің Иранның Сириядағы құзырына ықпал етіп, Мәскеуді өзімен бағыттас ету үшін көп талпыныс жасады.

Талпыныстарының сәтсіздікке ұшырауымен сионистік режимнің айтуынша Иран мен Хезболла қозғалысымен байланысты күштер мен құрал-жабдықтарға қарсы шабуылдарының үдерісі арта түсті. Осындай соңғы шабуылдардың бірінде израильдік ұшақтар бір ресейлік барлау ұшағының ұшқанын теріс пайдаланып, дүйсенбі күні кешке Латакиядағы бір нысанаға шабуыл жасады. Соған реакция ретінде Сирияның әуе шабуылына қарсы күштері қателесіп, ресейлік Ил-20 ұшағын құлатты. Бұл жағдай Мәскеудің Тель-Авивке қатысты қатты ашуын тудырды. Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі Игорь Конашенков Израильдің F-16 қырғи ұшақтарының әскери амалына 1 минут қалғанда ғана Ресейге Латакияға шабуыл жасайтыны туралы хабарлағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сионистік режимнің ұшқыштары Ресей әскерінің 15 экипажымен Хмеймим әуе базасына қайтып бара жатқан Ил-20 барлау ұшағын қалқан ретінде пайдаланған. Соның салдарынан ресейлік ұшақ Сирияның әуе шабуылына қарсы жүйелерінің шабуылдарына ұшыраған. Сионистік режимнің Латакияға қарсы зымырандық шабуылы франциялық әскери кеменің қолдауы және қатысуымен жүзеге асырылды.

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу: "Израильдің арандатушы әрекеті Ресей мен Израиль арасындағы ынтымақтастық рухына толығымен қайшы. Сол себепті, Ресей оны дұшпандық әрекет санап, жауап қайтару құқығына ие екендігін мәлімдейді",- деді. Ресейліктер қазір Тель-Авивтің Сирия аумағында Мәскеуді құрал ретінде қолданғанын түсінген секілді. Мәскеу Израильдің Сирияда көздеген әуе шабуылдарына реакция білдірмей, іс жүзінде Иран мен Израильдің Сириядағы қақтығысына қатысты бейтарап саясат ұстанғандықтан, Тель-Авивті де Ресейдің Сирияда орналасқан әскерилері мен құрал-жабдықтарына зиян келтірмейді деп ойлады. Алайда бүгін сионистердің екіжақты қарым-қатынасты мүлдем бағаламай, кірпік қақпастан ресейліктерді өз мақсаттарының құрбанына айналдыратыны белгілі болды. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Израильден Сирияда ресейлік әскерилердің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін әуе шабуылдарын жүзеге асырудан бас тартуды бірнеше рет  сұрағандарын айтты. Ресей СІМ Мәскеудегі сионистік режим елшісінің орынбасарымен отырыс өткізгеннен кейін Мәскеудің Сириядағы әскерилерін қорғау үшін кез келген әрекетті жүзеге асыратынын мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин Сирияда ресейлік ұшақтың құлатылуына реакция білдіріп: "Бұл оқиғаны Түркияның ресейлік ұшақты құлату жағдайымен салыстыруға болмайды. Барлау ұшағының құлатылуына қатысты менің ұстанымым Қорғаныс министрлігінің ұстанымымен бірдей. Бұл оқиғаны шынайы бағалау қажет. Ресейдің реакциясы Сириядағы әскери күштеріміздің қауіпсіздік деңгейін арттыру болмақ",- деп мәлімдеді. Бұл оқиғаны Ресей мен Израильдің Сирия мәселелеріне қатысты қарым-қатынастарындағы жаңа кезеңнің басталуы деп бағалаған жөн. Қазіргі кезде ресейліктер олардың бұрынғы саясатының сионистік режимнің барған сайын батылдана түсуіне себеп болғанын және олардың Сирияға қарсы дұшпандық әрекеттеріне байсалды реакция білдіру қажеттігіне көздері жетті. Жуырдағы оқиға сионистердің өз міндеттемелері мен екіжақты қарым-қатынаста, тіпті Ресеймен әрекетіндегі басқыншылық және көзге ілмеу  қатынасын ашық көрсетіп отыр.