АҚШ – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сионистерді қолдайтын жалғыз ел
Еуропалықтар сионистік режимнің Иордан өзенінің батыс жағалауындағы бүлдіргі әрекеттері жайлы ескерту жасаған жағдайда АҚШ Иранның бағыттан тайғаны туралы мәселені ұсыну арқылы өзінің сионистік режимді қолдайтынын дәлелдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 8 еуропалық ел бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ресми түрде сионистік режимнен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Хан әл-Ахмар ауылын бұзу туралы шешімінің күшін жоюды сұрады.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли отырыстың басты тақырыбын, яғни Палестина мәселесін талқылаудың орнына Иранға қарсы негізсіз уәждерді қайталады.
Хейли «Иран аймақты тұрақсыздандырып жатыр» деген уәж айтып: "Иран Таяу Шығыстағы көршілес елдердің егемендігін бұзды",-деді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы қалашықтар немесе Газа секторындағы дағдарысты жағдайға қатысты мәлімдемесіз аяқталды.