АҚШ Ахваздағы лаңкестік шабуылға реакция білдірді
АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы кешеуілдеген жарнамалық шарасында Ахваз лаңкестік шабуылында қаза болғандардың жанұяларына көңіл айтты.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ақпарат хатшысы Хизер Науэрт жексенбі күні: "АҚШ лаңкестікпен күресте Иран халқының қасынан табылады. Осындай қысылтаяң жағдайда оларға тілеулестік білдіреді",-деген уәж айтты.
АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің ақпарат өкілі Гаррет Маркиз Ахваз лаңкестік оқиғасына реакциясында лаңкестердің бұл әрекетін айыптаусыз Ираннан өзінің азаматтарын қорғауға көңіл бөлуді сұрады.
ДАИШ лаңкестік тобы осы лаңкестік әрекетке бағыттастығын білдіріп, бір мәлімдемеде оны өзіне қатысты деп көрсетпек болды.