АҚШ-тың бұрынғы қайраткерлері Трамптың "Ортақ қадам" келісіміне оралуын сұрады
Демократтар мен республикашылдар фракциясына жататын АҚШ-тың бұрынғы 53 қайраткері жексенбі күні мәлімдеме жариялап: "Дональд Трамптың Иранға қарсы саясаты мен оның "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығуының АҚШ үшін ауыр салдары болады",- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, мәлімдеге қол қойғандар АҚШ үкіметінің Ираннан талап еткені үшін дипломатиялық жолды назарға алмағанына тоқталып: "АҚШ "Ортақ қадам" келісіміне қайтадан беріктік танытып, Иран мен "Ортақ қадамға" қол қойған басқа елдермен оны жақсарту жөнінде келіссөз өткізе алады", - деді.
АҚШ президенті Дональд Трамп 2018 жылы мамырдың сегізі күні Иранға қарсы негізсіз айыптауларын қайталап, Вашингтонның "Ортақ қадам" бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы ядролық санкцияларды екі кезең арқылы қайта күшіне енгізетінін мәлімдеген болатын.