Мәскеу С-300 кешенінің жуырда Сирияға тапсырылатынын мәлімдеді
(last modified Mon, 24 Sep 2018 18:11:19 GMT )
Қыр 25, 2018 00:11 Asia/Almaty
  • Мәскеу С-300 кешенінің жуырда Сирияға тапсырылатынын мәлімдеді

Ресей үкіметі Сирия әуе қорғаныс күштерінің жуырда С-300 зымырандық қорғаныс кешенімен жарақталатынын ресми мәлімдеді.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу дүйсенбі күні РФ Президенті  Владимир Путиннің бұйрығына тоқталып: "Алғашқы кезеңде С-300 кешені алдағы екі аптаның ішінде Сирияға жеткізіледі. Екінші кезеңде Сирияның әуе күштерін бақылау басқармасы мен штабы ресейлік автоматты басқару жүйесімен жарақталады",-деді.

Ресейдің бұл шарасы өткен аптада сионистік режимнің Сирияның Латакия облысына шабуылы барысында бір ресейлік ұшақ құлатылып, 15 экипаж мүшесі түгел қаза болғаннан кейін жүзеге асырылып отыр.

Ресей үкіметі мамандардың зерттеулері бойынша, Израиль қырғи ұшағының ресейлік үлкен ұшақты қалқан ретінде пайдалану арқылы оның құлауына себеп болғанын хабарлады.  

 

Тегтер