Болтон: Сириядағы ресейлік ұшақтың құлауына Теһран кінәлі
(last modified Tue, 25 Sep 2018 08:37:48 GMT )
Қыр 25, 2018 14:37 Asia/Almaty
  • Болтон: Сириядағы ресейлік ұшақтың құлауына Теһран кінәлі

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі дүйсенбі күні ешбір дәлел мен құжатсыз Иранды Сирия мен Ливандағы шабуылдары мен Сириядағы ресейлік ұшақтың құлауына кінәлі деп атады.

 

 

Рейтерстің мәліметі бойынша Джон Болтон: "Иранға қарсы көбірек санкциялар әлі алда. Вашингтон Теһранға қарсы қысымдарды одан сайын арттырып, жалғастырады",- деді.

Болтонның Иранға қарсы уәждері Ресей Қорғаныс министрлігі өзінің жуырдағы мәлімдемесінде Сирияның Латакиясындағы бұл елдің Ил-20 ұшағының құлауына Израиль режимін жауапты деп атаған жағдайда айтылуда.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесі зерттеулердің ресейлік ұшақтың құлауына израильдік қырғи ұшақтың себеп болғанын көрсеткенін қуаттады.  

 

Тегтер