Рухани америкалықтардың Иранның мұнай сату ісін тыя алмайтынын баса айтты
https://itolqyn.com/news/world-i39149
ИИР Президенті АҚШ-тың Иранды мұнай сатудан тыю әрекеттеріне қатысты айтқан сөзінде америкалықтардың Иранның мұнай сатуына кедергі жасау мақсатын іске асырылмайтын қатерлі әрекет деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 25, 2018 15:29 Asia/Almaty
  • Рухани америкалықтардың Иранның мұнай сату ісін тыя алмайтынын баса айтты

ИИР Президенті АҚШ-тың Иранды мұнай сатудан тыю әрекеттеріне қатысты айтқан сөзінде америкалықтардың Иранның мұнай сатуына кедергі жасау мақсатын іске асырылмайтын қатерлі әрекет деп қуаттады.

 

Хасан Рухани  дүйсенбі күні Нью-Йоркте америкалық бірқатар ақпарат құралдары басшыларымен кездсеуінде АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иран халқына қарсы іске асырған көптеген қате әрекеттерін өзгерту қажеттігіне тоқталып: "Трамп "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан дәлелсіз түрде шығып, Иран халқына қарсы ешбір себепсіз санкция салып, қоқан-лоққы жасады. Сондай-ақ, Иранның ішкі істеріне араласуда. Сондықтан, Америка алдымен өзінің қате әрекеттерін түзетуі керек",- деді.

Иран Президенті АҚШ-тың Иранмен келіссөз жүргізу ұсынысына тоқталып: "Егер АҚШ күндердің бірінде шынайы түрде қателіктерін түзетіп, жағдайды жақсартқысы келсе, Иран сол кезде келіссөз туралы шешім қабылдайды",- деді.