ҚХР СІМ: Бейжің Теһранмен экономикалық байланысын жалғастырады
ҚХР Сыртқы істер министрі Иран СІМ-мен кездесуінде Бейжіңнің "Ортақ қадамды" сақтап қалуға міндетті екенін баса айтып, Бейжіңнің Теһранмен экономикалық байланысын жалғастыратынын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауынша, ҚХР СІМ Ван И мен Иран СІМ Мұхаммад Джавад Зариф Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясы аясындағы кездесуде екіжақты қарым-қатынастар, әсіресе экономикалық саладағы қатынастар мен "Ортақ қадамға" қатысты мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Ван И Ахваздағы 25 адамның шәһид болып, 60-тан адамның жаралануына соқтырған лаңкестік шабуылға көңіл айтты.
Зариф ИИР президентімен бірге БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанған болатын.
Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини және Франция СІМ Жан-Ив Ле Дрианмен жеке кездесулер өткізіп, сұхбаттасты.