Трамп БҰҰ-ның Бас ассамблеясында Иранға қарсы айыптарын қайталады
Сейсенбі күні "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қол қойған мемлекеттер Нью-Йорктегі отырыста Иранмен жасалған ядролық келісімді сақтап қалу қажеттігін қуаттаған жағдайда АҚШ президенті осы салаға қатысты өтірік уәждерін қайталап: «Көптеген елдердің басшылары Ақ үйдің Иранға қарсы санкцияларын қолдады» деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Дональд Трамп сөзінің жалғасында АҚШ-тың мыңдаған күнәсіз бейбіт тұрғынның қаза болуына соқтырған Таяу Шығыс, Ирак, Сирия мен Ауғанстандағы әскери араласушылықтарына тоқталмастан: «Теһран көршілес елдердің егемендігіне құрметтемейді» деді.
Трамп өзінің санкциялық саясатының негізгі құрбандарына да тоқталмастан сөзінің келесі бөлігінде Иран халқына қолдау көрсеткен сыңай танытқанымен, басқа елдерден Иранды оқшаулау мақсатында қадам жасауды сұрады.
АҚШ президенті экономикалық қиындықтардың артқаны туралы статистикалық мәліметтерге қарамастан, АҚШ экономикасының ілгерілеп, елдегі жұмыссыздық деңгейінің ең төмен көрсеткішке түскені туралы уәж айтты.
Трамп Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мен араб елдерін мұнай бағасын көтергені үшін сынап: "ОПЕК ұйымы мұнай бағасын түсіруі тиіс. АҚШ бұдан былай мұндай қорқынышты бағаларға төзе алмайды",- деп мәлімдеді.