Рухани: Ешбір алпауыт ел Иран халқына қарсы тұра алмайды
ИИР президенті: "Иранда демократиялық үкімет билік етеді. Ешбір алпауыт ел біздің халыққа қарсы тұра алмайды",- деп мәлімдеді.
ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Нью-Йоркте жерлігікті уақыт бойынша таңертең АҚШ-тың CNN арнасына берген сұхбатында АҚШ үкіметінің Ирандағы режимді өзгертуге бағытталған арманына тоқталып: "Америкалықтар Иранда ислам революциясының жеңісіне дейінгі кезеңдегідей толығымен олардың бақылауындағы режиммен бетпе-бет келуді ойлады. Алайда, олар ешқашан бұл мақсаттарына жете алмады. Иран халқы әрдайым берік болып қалады",- деп баса айтты.
Рухани АҚШ-тың қазіргі үкіметіндегі жауапты тұлғалардың сөздері мен әрекеттерінің бір-біріне сәйкес келмейтіндігіне тоқталып: "Олар бір жағынан Иран халқын қыспаққа аламыз дегенімен, басқа жағынан Иран халқына мүдделік танытқан уәж айтады",- деді.
Рухани АҚШ пен аймақ үшін пайдасыз саналатын Иранға қарсы санкциялардың артқанына тоқталып: "АҚШ-тың бұл кезеңде үлкен қателік жасағанын уақыт көрсететін болады",- деді.