Иран мен Әзірбайжан Республикасы темір жол тасымалы бойынша ынтымақтастықтарын кеңейтеді
Әзірбайжан Республикасының Экономика министрі мен ИИР Темір жол компаниясының бас директоры екі елдің темір жол тасымалы саласындағы ынтымақтастығы жайлы сұхбаттасты.
ИИР Темір жол компаниясының бас директоры Саид Мұхаммадзаде Бакуде Әзірбайжанның Экономика министрі және Экономикалық ынтымақтастықтар ортақ комиссиясының төрағасы Шахин Мұстафаевпен темір жол тасымалы мен басқа да экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Әзірбайжан Экономика министрі екі елдің түрлі салалар, әсіресе темір жол тасымалы бойынша ынтымақтастығы жалғасатынын баса айтып: "Екі елдің жауапты тұлғаларының сапарлары екі мемлекет арасындағы түрлі ынтымақтастықтардың кеңеюінде ерекше рөл атқарады",- деді.