Хошру Трамп үкіметінің әрекетін белгісіз деп атады
(last modified Sat, 29 Sep 2018 04:03:13 GMT )
Қыр 29, 2018 10:03 Asia/Almaty
  • Хошру Трамп үкіметінің әрекетін белгісіз деп атады

БҰҰ-дағы Иранның өкілі Ақ үйдің халықаралық қоғамдағы қайшы әрекеттеріне тоқталып, Трамп үкіметінің әрекетін түсініксіз әрі белгісіз деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ғоламали Хошру бейсенбі күні кешке Дональд Трамп үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен Иранға қарсы санкцияларына тоқталып: «АҚШ-тың Иранның ядролық жұмыстарын сылтауратуы дұрыс емес, өйткені Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің барлық мәлімдемелері Иранның қол қойған барлық міндеттемелеріне табанды екенін қөрсетті.

АҚШ-тың қазіргі үкіметі елінің бұрынғы үкіметінің барлық міндеттемелеріне қайшы әрекет жасап жатыр»,- деді.