Зариф: Ежелгі өркениеттер бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуда маңызды рөл атқарады
https://itolqyn.com/news/world-i39182-Зариф_Ежелгі_өркениеттер_бейбітшілік_пен_тұрақтылық_орнатуда_маңызды_рөл_атқарады
Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке Нью-Йоркте өткен «Ежелгі өркениеттер қауымдастығының» отырысында сөйлеген сөзінде: «Әлем зорлық-зомбылық және жиіркеншікпен бетпе-бет келіп отырған жағдайда ежелгі өркениеттер елдерді бір-біріне жақындатып, тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуда маңызды рөл атқаруы керек»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 29, 2018 10:10 Asia/Almaty
  • Зариф: Ежелгі өркениеттер бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуда маңызды рөл атқарады

Иран Сыртқы істер министрі бейсенбі күні кешке Нью-Йоркте өткен «Ежелгі өркениеттер қауымдастығының» отырысында сөйлеген сөзінде: «Әлем зорлық-зомбылық және жиіркеншікпен бетпе-бет келіп отырған жағдайда ежелгі өркениеттер елдерді бір-біріне жақындатып, тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуда маңызды рөл атқаруы керек»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ-қа тұспалдап: «Ежелгі өркениеттердің алдында елінің тарихы еш нәрсе емес кейбір мемлекеттер өз ғқмырларын дұшпандықпен жалғастыру туралы ойлайды»,- деді.

Иран Сыртқы істер министрі аймақ пен әлемдегі лаңкестік мәселесіне тоқталып: «Еш уақытта лаңкестікке бағынуға болмайды. ДАИШ лаңкестік тобы Ирак өркениетін жойғысы келгенімен нәтижеге жете алмады»,- деді.