Еуропаның 7 орталық банкі Иранмен ынтымақтастық жасауға келісті
https://itolqyn.com/news/world-i39188
Иран Сыртқы істер министрлігі Еуроодақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу жолындағы талпыныстарына тоқталып: «Осы уақытқа дейін Еуропаның жеті орталық банкі Иранмен қарым-қатынас орнату үшін арнайы қаржы механизмдерін қарастыруға келісті»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 29, 2018 23:10 Asia/Almaty
  • Еуропаның 7 орталық банкі Иранмен ынтымақтастық жасауға келісті

Иран Сыртқы істер министрлігі Еуроодақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу жолындағы талпыныстарына тоқталып: «Осы уақытқа дейін Еуропаның жеті орталық банкі Иранмен қарым-қатынас орнату үшін арнайы қаржы механизмдерін қарастыруға келісті»,- деді.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің жұма күнгі мәліметі бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф Нью-Йоркте «4+1» тобының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу әрекеттері туралы: «Бұл арнайы қаржы механизмі тек Еуропаға ғана қатысты емес. Иранмен қаржы қарым-қатынасын орнатқысы келетін басқа елдер мен компаниялар да ақшаны бұл есеп-шотқа жіберіп, сондай-ақ, экспорттарының қаржыларын ала алады. Бұл әрекет көбінесе долларды пайдаланатын қаржы ұйымдары үшін АҚШ-тың қысымдары мен санкцияларынан аман қалуға мүміндік тудырады»,- деді.