Пәкістан Үндістанды лаңкестікке дем береді деп айыптады
(last modified Sun, 30 Sep 2018 12:05:55 GMT )
Қыр 30, 2018 18:05 Asia/Almaty
  • Пәкістан Үндістанды лаңкестікке дем береді деп айыптады

Пәкістанның Сыртқы істер министрі сенбі күні Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген сөзінде Үндістанды Пәкістанда лаңкестіктің таралуына тікелей араласып отыр деп айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Шах Махмуд Курейши Үндістанның Пәкістандағы лаңкестік топтарды қаржылай қамтамасыз ететінін айтты.

Курейши өзінің сөзінде Кашмир дауына да тоқталып, оны аймақтың бейбітшілігіне ең үлкен кедергі деп сипаттады.

Пәкістанның Сыртқы істер министрі: "Бұл мәселе БҰҰ мәлімдемелері орындалмайынша шешілмейді",-деді.

Үндістанның Сыртқы істер министрі Сушма Сварадж сенбі күні БҰҰ Бас ассамблеясының отырысында сөйлеген сөзінде Пәкістанды лаңкестерге пана береді деп айыптады.