Сирияда лаңкестерге қарсы әскери амалдар кезінде 112 ресейлік әскери қаза болды
(last modified Mon, 01 Oct 2018 10:27:31 GMT )
Қаз 01, 2018 16:27 Asia/Almaty
  • Сирияда лаңкестерге қарсы әскери амалдар кезінде 112 ресейлік әскери қаза болды

РФ Қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі федерация кеңесінің төрағасы және Ресей әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы Сирия үкіметіне көмек көрсету мақсатында соңғы үш жылдың ішінде лаңкестікке қарсы амалдар кезінде 112 ресейлік әскеридің қаза болғаны туралы хабарлады.

Россия 24 телеарнасының мәліметі бойынша, Виктор Бондарев: "Ресейдің Сириядағы әскерінің шамамен жартысы Ан-26 ұшағының құлауы мен Ил-20 барлау ұшағының құлатылуы салдарынан қаза тапқан. Ресей Сирияда соңғы үш жылдың ішінде 8 ұшақ, 7 тікұшақ, бірнеше бронетранспортер мен сауытты көліктен айрылды",- деді.

 

Тегтер