Иордания королі тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қолдап отыр
https://itolqyn.com/news/world-i39233-Иордания_королі_тәуелсіз_Палестина_мемлекетінің_құрылуын_қолдап_отыр
Иордания королі астанасы Құдс болатын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын Иорданияның бірінші және мәңгілік басымдығы саналатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 02, 2018 21:57 Asia/Almaty
  • Иордания королі тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын қолдап отыр

Иордания королі астанасы Құдс болатын тәуелсіз Палестина мемлекетінің құрылуын Иорданияның бірінші және мәңгілік басымдығы саналатынын мәлімдеді.

Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иордания королі Абдулла ІІ өз елінің Палестина мен Құдсқа әрдайым қолдау көрсетіп, қорғайтынын және бұл ұстанымының ешқашан өзгермейтінін айтты.

Иордания королі сондай-ақ, халықаралық қауымдастықтың БҰҰ-ның палестиналық босқындарға көмек көресту және жұмысты ұйымдастыру жөніндегі таяушығыстық агенттігіне (UNRWA) қолдау көрсетуді жалғастыруын сұрады.

Миллиондаған палестиналық босқынға жеңілдік ұсынып, жәрдемдесуге жауапты орган саналатын UNRWA ұйымына АҚШ үкіметі қаржылай көмекті тоқтатқан соң ұйым көптеген қиындыққа тап болды.